FAQ

  • Маммопластикадан кейін ішуге арналған контрацептивтерді қабылдауға бола ма?
Көрсету
Егер қажеттілік туындаса, маммопластикадан кейін ішуге арналған контрацептивтерді қабылдауға болады. Яғни ауыз арқылы ішуге арналған контрацептивтерді қабылдаудың қарсы көрсетілімдері жоқ.
  • Имплантациядан кейін бала емізуге бола ма?
Көрсету

Көптеген жағдайда имплантат үлкен кеуде бұлшық етінің астында орналасқандықтан және оның сүт безіне ешқандай қатысы болмағандықтан, маммопластикадан кейін бала емізуге болады.

Жүктілікті операциядан кейін кем дегенде 6 айдан кейін жоспарлау ұсынылады (бұл кезең имплантат қуысының толық қалыптасуы үшін қажет).

  • Хирург қандай жағдайларда маммопластика жасаудан бас тартады?
Көрсету

Маммопластиканың абсолюттік қарсы көрсетілімдері – жалпы анестезия жүргізу аса қауіпті саналатын патологиялар, сондай-ақ онкологиялық аурулар. Қалғандарының бәрі қатысты деп саналады және тек осындай операция жасауды кейінгі қалдыруы мүмкін.

  • Қант диабетімен ауыратын әйелдерге маммопластика жасауға бола ма?
Көрсету

Маммопластиканы қалпына келтірілген қант диабетімен ауыратын пациенттерге жасауға болады (қалпына келітірілген қант диабеті – бұл науқастың қанындағы глюкоза деңгейі нормаға жуық болатын жай-күй. Бұл жағдайда ол өзін жақсы сезінеді, және оған әртүрлі асқынулар қаупі төнбейді). Операциядан кейін пациеттердің қанындағы глюкоза деңгейін үнемі бақылап отыру керек және олар эндокринолог немесе диабетолог дәрігердің бақылауында болуы тиіс.

Қалпына келтірілмеген қант диабетімен ауыратын пациенттерге маммопластика жасауға болмайды!

  • Маммопластикадан кейін қашанға дейін қатты жиекті емшекқап киюге тыйым салынады және неліктен?
Көрсету

Бұл мәселеге әр хирургтың көзқарасы әрқалай. 1 ай бойы компрессиондық ішкиім кию ұсынылады.

Бастапқы кезеңде неліктен қатты жиекті емшекқап киюге тыйым салынады?

  • Жүйке ұштарына зақым келуіне байланысты операциялық араласу тұсындағы ауру шегі төмендеуі мүмкін, сондықтан тіпті қатты қысатын емшекқаптардың өзі жайсыздық тудырмайды, тек тіккен жерді жарақаттайды.
  • Егер омыраудың астынан тілік жасалса, онда операциядан кейін 3-4 ай бойы қатты жиекті емшекқап кимеген жөн, ол ауырсыну тудырып, қажауы, қысуы мүмкін, бұл ретте ол тыртықтың қалыптасуын баяулатады. Спортпен айналысуға арналған сапалы емшекқап таңдаған жөн, ол қан айналымын бұзбайды, алайда созылғыштығының арқасында омырауды ұстап тұрады.
  • Ішімдік, шылым шегу секілді зиянды әдеттер маммопластикадан немесе кез келген өзге пластикалық операциядан кейін жазылуға кедергі келтіре ме?
Көрсету
Жоспарлы операциядан бірнеше апта бұрын шылымнан бас тартыңыз. Шылым шегу операцияға дейін және кейін пациенттерге кері әсерін тигізеді. Хирургтардың көбісі шылым шегудің жараның баяу жазылуына әкелетініне және операция нәтижелерін төмендететініне сенімді. Шылым шегу әсіресе маммопластика, бетті тарту, блефаропластика, абдоминопластика, реконструктивтік операциялар секілді операцияларға кері әсерін тигізеді.

Зерттеулерге сәйкес, шылым шекпейтіндермен салыстырғанда шылым шегетін пациенттерге пластикалық хирургияның барлық түрінен кейін жараға инфекция түсуге байланысты үлкен қауіп төнеді. Тігіс баяу жазылады және операциядан кейін асқыну қаупі бар. Шылым шегетін пациенттер тері тіндерінің некрозына және дәнекер ұлпаның ауруларына шалдығуы мүмкін.

Операцияның алдында ішімдік ішпеңіз. Мас болмауыңыз керек! Әрине, анда-санда ішімдік ішу де әсер етуі мүмкін – жара баяу жазылады. Операциядан кейінгі кез келген ұсынымдарда былай делінген: ішімдік пен шылымнан бас тарту керек.

  • Бала емізу силиконды омырауға қалай әсер етеді?
Көрсету

Силиконды омырауда әдеттегі омырауда болатын процестер орын алады, бұл мұнда имплантаттың тұрған-тұрмағанына байланысты емес. Бәрі өзгеше және ол көбіне орнатылған имплантаттарға емес, керісінше Сіздің жүктілік кезінде қанша салмақ қосатыныңызға, бала емізу кезінде сүт безінің ұлғаюына, Сіздің жүктілік және бала емізу кезінде демеп тұратын емшекқап киюіңізге, гипертрофияға генетикалық бейімділігіңізге және сүт бездерінің птозына (төмен түсіп кетуіне) және терінің «созылуларына» байланысты.

  • Имплантат жыртылып кетуі мүмкін бе?
Көрсету
Теория жүзінде кез келген жағдай орын алуы мүмкін, мысалы, ЖКО түскенде кеуде қуысы қатты жарақаттанғанда немесе үшкір өткір затпен механикалық тұрғыдан зақымданғанда ол жыртылып кетуі мүмкін. Бірақ іс-тәжірибеде сүт безі имлпантаттары бір рет және өмір бойына орнатылады, ал пациент омырауының көлемін түзеткісі келгенде ғана ол алмастырылуы мүмкін.
  • Ұшақта немесе дайвингпен жаттыққан кезде имплантаттар жарылып кетуі мүмкін бе?
Көрсету
Жоқ, бұл қате түсінік. Ұшақ бортында немесе теңіз түбінде имплантатты зақымдап алудан қорқудың қажеті жоқ, себебі қазіргі кезде аса мықты имплантаттар шығарылуда.
  • Омырауды үлкейту бойынша операция жасату үшін қандай талдаулар қажет?
Көрсету
  1. Жалпы қан талдауы + Сухарев бойынша қанның ұйығыштығы + тромбоциттер + қан тобы
  2. Микрореакция
  3. АИТВ-ға – иинфекцияға қан талдауы (ТЕГІН! Мына мекенжайда: Бәсенов көш. 2, 4-корпус, №9 каб. Өзіңмен бірге жеке куәлігің болуы тиіс)
  4. HBSantigen, ИФА С гепатиті
  5. Қан биохимиясы: Қант, Жалпы белок, АЛТ, АСТ, Билирубин
  6. Лидокаинға реакциясы (тест)
  7. Флюорография
  8. ЭКГ+ кардиологтың қорытындысы
  9. Жалпы несеп талдауы
  10. Коагулограмма
  11. Д-Димер коагулограммасы
  12. Сүт безін УДЗ
  13. Жүректі УДЗ
  14. Құрсақ қуысы мүшелерін УДЗ
  15. Терапевтің ұйғарымы
  16. Маммологтан анықтама
  • Омырауды үлкейту бойынша операция қанша тұрады?
Көрсету

 

Оның бағасы клиникаға/хирургқа қарай өзгеріп тұрады, мұны олар өздері белгілейді:

  • Қазақстан бойынша Motiva Ergonomix (эргономикалық) имплантаттарының бағасы 800,000 теңге – 1,800,000 теңге
  • Motiva Round (дөңгелек) имплантаттарының бағасы 600,000 теңге – 900,000 теңге

Бұл бағалардың болжамды ауқымы. Сонымен бірге кейбір клиникаларда көрсетілген бағаға анестезияның, стационардың және т. б. бағасы кірмейтінін ескеру қажет. Нақты бағасын білу үшін сізді қызықтыратын клиникаға хабарласу керек.

  • Имплантаттарды қашан ауыстырған жөн? Алғашқы операциядан кейін қанша мерзімнен кейін?
Көрсету
Егер 5, 10, 15 және одан көп жылдан кейін әйелді ештеңе мазаламаса әрі операция оның ойынан шықса, онда имплантаттарды ауыстырмауға да болады. Эстетикалық нәтиже әйелдің көңілінен шықпаған жағдайда, яғни имплантаттарды үлкен/кіші өлшеміне ауыстырғысы келгенде имплантаттарды ауыстыру бойынша операция жасатуға болады.

 

  • Операциядан кейін оңалуға қанша уақыт кетеді? Еңбекке жарамсыздық парағын қашан жабуға болады?
Көрсету

Пациенттердің маммопластикадан кейінгі оңалуының стандартты мерзімі – 1 ай. Осы кезеңде хирургтар дене жүктемелеріне, сауналарға, солярийге баруға тыйым салады, шалқасынан ұйықтау керек. Операциядан кейін 7-10 күн өткен соң көлік жүргізуге болады, ал жұмысқа орташа есеппен 5 күннен кейін шығуға болады. Мұның бәрі әркімде әрқалай екенін ескеру қажет, сондықтан пластикалық хирургпен кеңескен жөн.

  • Операциядан бұрын және кейін ерекше диета ұстану керек пе?
Көрсету
Қатаң немесе ерекше диетаны ұстанудың қажеті жоқ.

Операция жасалатын күні (егер операция сағат 9:00-ге белгіленсе) тамақтануға және су ішуге болмайды. Егер операция түскі уақытқа белгіленсе (мысалы, 13:00-де), сағат 9:00-де 1 стақан және сағат 11:00-де тағы бір стақан су ішуге рұқсат беріледі. Тамақ ішпеген жөн!

Сондай-ақ операциядан кейін 2-3 сағат өткен соң пациент жеңіл тамақтана алады: сорпа, көже ішіп, салат жей алады, бірақ ашты, майлы тағам ішпегені жөн.

  • Операциядан кейін қандай ішкиім кию керек?
Көрсету

1 ай бойы операциядан кейінгі компрессиондық ішкиім кию керек.

  • Егер мен жақын арада операция жасатқым келсе, жүктілікті қашан жоспарлауға болады?
Көрсету
Пластикалық хирургтардың бұл мәселеге қатысты пікірі әртүрлі, біреуі операциядан кейінгі 6 айдан соң рұқсат етеді. Бәрі әртүрлі, бұл мәселені пластикалық хирургтың қабылдауында толық талқылауды ұсынамыз.

 

  • Омырауым ұстағанда жұмсақ болып қала ма?
Көрсету
Қағида бойынша, имплантат маммопластикадан кейін 1 жылдан соң тиісті қалыпқа, пішінге түседі және жұмсарады. Омыраудың жұмсақтығы таңдалған имплантатқа байланысты, себебі силиконды толтырмалардың тұтқырлығы мен серпімділігі әртүрлі болады. Сіздер Motiva имплантаттарымен ұстағанда да, қарағанда барынша шынайы нәтижеге қол жеткізе аласыздар.

 

Егер сіз неліктен білмесеңіз, алаңдамаңыз және біз міндетті түрде жауап беруге тиіспіз!

Сіздің сұрағыңыз

Егер сіз неліктен білмесеңіз,
алаңдамаңыз және біз міндетті түрде жауап беруге тиіспіз!
Неверный ввод
Неверный ввод

 

Инновации играют ключевую роль в обеспечении безопасности

Мы предлагаем

Получить консультацию

  • Kazakh translation is still missing. Please consider to contribute by writing and sharing your own translation. Learn more.